Қазақстанның Даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Сейсенбаев Ринат Нүрияминұлы жалпы Банк Басқармасының өкілеттігінің мерзіміне «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстанның Даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Ринат Сейсенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін экономист мамандығы, менеджмент және маркетинг маманы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Алтел» АҚ Басқарушы директоры, «Транс Петролеум Групп» ЗТҚ вице-президенті, «Жана АР-Ойл» ЖШС және «Астана-Құрылысинтерьер» ЖШС директоры, «Қарағанды отын-энергетикалық компаниясы» ЖШС директорының орынбасары болып істеген.