Қазақстанның Даму банкі доллармен қорландырудан толықтай бас тартпақ
«Қазақстанның Даму банкі әрі қарай дамудың дұрыс позициясын құру үшін біз доллармен қорландырудан толықтай бас тартуды көздеп отырмыз. Біз ешқашан доллармен қарыз алатын, доллармен несие беретін үздік банк болмаймыз, өйткені бұл шетелдік банктердің еншісінде. Ал теңгеден, ұлттық валютамыздан біз бірінші болуымыз керек , боламыз да», - деді Қ. Бишімбаев.
Қ.Бишімбаевтың пікірінше, «ҚДБ Ұлттық банктен кейін теңгеден ең үздік банк болуы тиіс», қарызды ең ұзақ мерзімге беріп, несиені ең жақсы ставкамен беруі тиіс. «Өкінішке орай, Даму банкінің қазіргі үлгісі ойдағыдай құрылмаған. Ресурстардың көбісі шетелден долларлық баламада алынып, экономика да доллармен несиелендірілді. Девальвация жағдайында доллармен қарыз алып, ал табысты теңгемен тапқандар қазір қиын жағдайдаға тап болғанына куә болып отырмыз», - деп қорытындылады Қ. Бишімбаев.