Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан халқы Ассамблеясы экологиялық акция ұйымдастырмақ

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан халқы Ассамблеясы ертең, 9 қыркүйек күні болатын «Көгалдандыру - болашаққа үлес» атты экологиялық акцияға шақырады.

Қазақстанның Даму Банкі және Қазақстан халқы Ассамблеясы экологиялық акция ұйымдастырмақ

Шара Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Ағаштар отырғызушарасы бүкіләлемдік Сән күніне орай Астананың Ғашықтар саябағында өтеді. Бүгінде бұл саябақта бағалы түрлі бес мыңнан астам ағаштар отырғызылған - шетендер, қайындар, теректер, жөкелер, бадамдар. «Көгалдандыру - болашаққа үлес» акциясының қатысушылары бұл жасыл «жинақты» көктеректер мен үйеңкілермен толықтырады.

Аталған шараға ҚДБ-ның басқарушы менеджерлері, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады.