Қазақстанның Даму Банкінің несиелік саясатына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі - ҚДБ, Банк) шикізаттық емес экономикадағы жобаларды қаржыландыруды жандандыру мақсатында өзінің несие саясатына өзгерістер енгізді.

Қазақстанның Даму Банкінің несиелік саясатына өзгерістер енгізілді

ҚДБ несие саясаты туралы Меморандум 2016 жылдың қазан айында бекітілді. Меморандумға сәйкес, Банк қаржыландыру «шегін» бірнеше салалар бойынша төмендетті. Атап айтсақ, инвестициялық жобаларды қаржыландыру 30 млн АҚШ долларынан 7 млрд теңгеге дейін, тамақ өнеркәсібі үшін - 10 млн АҚШ долларынан 3 млрд теңгеге дейін, экспорттық операциялар үшін - 5 млн АҚШ долларынан 1 млрд теңгеге дейін төмендетті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы Банк 225 млрд теңге қарыздар сомасына 19 жобаны қаржыландырған болатын. Есептік кезеңде тікелей несиелеу аясында Даму Банкі жалпы 277,5 млрд теңге сомаға шикізаттық емес салалар кәсіпорындарының 14 инвестициялық жобасы мен 10 экспорттық операциясын қаржыландырды. Айта кетейік, Жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 2016 жылы  рекордтық көрсеткішке жетті. Оның жалпы құны 426 млрд теңгені құрады. 

Сондай-ақ, өткен жылы Банк жалпы 277,5 млрд теңге сомаға 14 инвестжобаны және 10 экспорттық операцияны қаржыландырды. Жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы аясында ҚДБ коммерциялық банктер арқылы 148,4 млрд теңге сомаға қарыздар ұсынды. Несие қоржыны 10,5%-ға 1,6 трлн теңгеге дейін өсті. Аудиттелген мәліметтерге сәйкес таза табыс 6,6 млрд теңгені құрады. Соңғы 4 жылда активтер шамамен 2,5 есеге өсті, бұл кезең толығымен Банк үшін шығынсыз болды.

Айта кетейік, енді ҚДБ-ның https://www.kdb.kz сайтында жобаларды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен, яғни жоба сомасы, мерзімі, валютасы, сыйақы мөлшерлемесі және қарыз алушының атауы деген мәліметпен және жобалар бойынша жалпы мәліметпен танысуға болады. Сонымен қатар, ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында Банк әкімшіліктендіруі және қаржыландыруындағы жобалар туралы жалпыға қолжетімді ақпарат базасын кеңейтті.

«Бәйтерек» Холдингінің негізі қаланғаннан бері соңғы төрт жыл бойы ҚДБ өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік инфрақұрылым жобаларын несиелеу бойынша оң динамикалық үрдісті сақтап келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда несие көлемі 4 есеге артты және 1,6 трлн астам теңгені құрады, ал оның активтердегі үлесі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 65,5% дейін ұлғайды. Соңғы 4 жылда ҚДБ активтері шамамен 2,5 есеге өсті, бұл кезең толығымен Банк үшін шығынсыз болды.

Сондай-ақ, 2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ҚДБ қаржыландыруға жалпы 15,4 млрд теңге қарыз сомасына 3 жобаны мақұлдағанын айта кетейік. Ал төрт айдың қорытындысы бойынша, жалпы қарыздар сомасы 346 млрд теңгеге 6 жобаны қолдады. Жалпы 2017 жылы Банк 350 млрд теңгеге жуық сомаға жобаларды несиелеуді жүзеге асыруды жоспарлайды.   Ағымдағы жылы ҚДБ машина жасау, химия өнеркәсібі, мұнай химиясы, металлургия және құрылыс материалдары өндірісі сияқты салаларда жалпы құны 759,6 млрд теңге  және қаржыландырудың сұралған сомасы 312,6 млрд теңге болатын түрлі қаралу деңгейіндегі ИИДМБ аясындағы 12 әлеуетті жобалардан құралған қоржынды айқындады. 2017 жылы ҚДБ қызметіндегі басымдықтардың бірі алдағы 2018 жылы ХҚЕС (IFRS) 9 енгізуді ескере отырып, тәуекел-менеджментін одан әрі жетілдіру болмақ.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, аудиттелген мәліметтерге сәйкес, таза пайда 6,6 млрд теңгені құрады.