Қазақстанның даму стратегиясы неге жиі өзгереді – сарапшы пікірі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумында елдегі реформалардың жиілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның даму стратегиясының жиі өзгеруі қазіргі жылдам өзгеріп жатқан процестерге бейімделу үшін жасалып жатыр. Сондай-ақ, бізді қоршап жатқан Қытай, Ресей сияқты мемлекеттер, Орталық Азияның өзге елдері бойынша сауатты мамандар базасы болмауының да әсері бар»,- деді Еркін Тұқымов.
Аталған шарада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин адағы 7 жылда денсаулық сақтау саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
«Цифрландыру бағытында назар аударуды қажет ететін тұстар бар. Денсаулық сақтау саласы цирфлық трансформациялауды қажет етіп тұр. Біз қазір сол бағытта жұмыс істейміз. Жеті жылдың ішінде денсаулық сақтау саласы әлдеқайда болжамды, жеке адамдарға бағытталған құрылымға айналып, OpenAPI форматындағы деректер базасына қолжетімділік мүмкіндігі осы салада да жұмыс істеуі керек. Бұл әрбір адам мемлекеттің бақылауында, қамқорлығында екеніне сенімді болу үшін керек»,- деді министр.