Қазақстанның даму тәжірибесі мен дағдарысқа қарсы шаралары Мәскеудің ықыласын аударуда

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен іскерлік форумында бизнесті дамытуға арналған қазақстандық тәжірибені қолдану мәселесі талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның шағын және орта бизнесті тексеруге жариялаған мораторийі мен алдыңғы қатарлы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шаралары назар аударуға тұрарлық мәселелер, деп атап көрсетті форумға қатысушылар. «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев жиналған қауымға мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Қазақстандық даму тәжірибесі ресейлік кәсіпорын басшыларының назарын аударып отыр. Кәсіпкерлер сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігі туралы да айтты.
Соңғы жаңалықтар