Қазақстанның даму жолы нақты ғылыми негізге сүйеніп жасалған - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің 30 қарашада жариялаған Жолдауында ұсынылған Қазақстанның даму жолы нақты ғылыми негізге сүйеніп жасалған. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық-саяси үрдістер сараптамалық-жобалау бюросының директоры Оразғали Селтеев осындай пікір білдірді.
None
None

«ҚР Президентінің 30 қарашада жариялаған Жолдауы Қазақстанның даму жолы нақты ғылыми негізге ие екендігін дәлелдеді. Жолдау біздің негізгі тұжырымдамалық концепцияларға: «Қазақстан-2050» Стратегиясы», Мәңгілік ел» патриоттық идеясы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» тұжырымдамаларына сай келеді. Осы бағдарламалардың бағытымен біздің мемлекет те дамып келеді. Бұл бағдарламалардың басым ұстанымдары Елбасының тапсырмаларымен бекітілген», - деп атап өтті сарапшы.

Оның ойынша, Жолдаудың негізгі тақырыбы - әлемдік дағдарыстың ықпалы мен оның теріс үрдістеріне қарсы тұру. «Егер Мемлекет Басшысы ұсынған бастамаларға, шешімдерге мұқият қарайтын болсақ, жаһандық дағдарыс - біз үшін нарықтық экономикадағы дамуымыздың жаңа кезеңі болып табылады. Дағдарысқа қарсы саясат экономиканы басқарудың нақыт ғылыми шешімдеріне сүйенген», - дейді О. Селтеев.

Соңғы жаңалықтар