Қазақстанның демократиялық тамыры тереңдей түсті - АҚШ байқаушылары

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - АҚШ байқаушылары миссиясының өкілдері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстанның демократиялық тамырын тереңдете түсті деп мәлімдеді.

Қазақстанның демократиялық тамыры тереңдей түсті - АҚШ байқаушылары

АҚШ делегаттары Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстарында және Астана мен Алматы қалаларындағы 65-ке тарта сайлау учаскесінің жұмысын бақылады. Науқан кезінде олар жүздеген адамнан сауалнама жүргізді. «30 наурыз бен 3 сәуір аралығында біздің делегация 9 саяси партияның көшбасшыларымен және олардың өкілдерімен, сайлау комиссиясының мүшелерімен, ҮЕҰ жетекшілерімен кездестік»,-деді Салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың президенті Дэниел Алан Витт Астанада өткен брифингте.

«Бұның алдында өткізілген сайлаулармен салыстырғанда биыл сайлау учаскелеріне дауыс берушілерді мобилизациялаудың орталықтанған немесе әкімшілік нышандары болған жоқ» деген ол, «3 сәуірдегі сайлаудан кейін Қазақстанның демократиялық тамыры тереңдей түсті», - деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, сайлау халықтың саяси таңдауын анық аңғартады. Сайлаудың үдерісі де ашық жағдайда өткізілді. «Жақын жылдары Қазақстанда плюралисттік Парламентті құруға жол ашық деп бағалаймыз»,-деді Д. Витт.

«Біздің топ сайлау нәтижесі Қазақстан халқының еркін, ықтиярын білдіріп отыр деп есептейді»,-деп атап көрсетті ол сөз соңында.