Қазақстанның денсаулық сақтау саласын инновациялық дамыту мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді - «PHILIPS» компаниясының аймақтық директоры

АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Қазақстанның денсаулық сақтау саласын инновациялық дамыту жүз мыңдаған науқастардың өмірін сақтап қалуға және онкологиялық ауруларды емдеудегі шығынды 50 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «KIHЕ-2009» көрмесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстанда медициналық қызметтерді дамытудың жаңаша бағытын ұстануымыз қажет. Оны саланы негізгі реттеуші мемлекет пен республикадағы көптеген медициналық қызметтер жеткізушілері арасында тиімді қатынастар қалыптастырудан бастау қажет», - дейді медицина саласында әлемдік құралдар шығарушы «PHILIPS» компаниясының Ресей, Украина, Беларус және Орталық Азиядағы бас директоры Йоост Лейфланг. Ал «HILIPS» компаниясының Орталық Азия және Кавказдағы директоры Дэвид Галинек, «Қазақстанда жүрек-қан тамырларын емдеу саласында инновациялық жабдықтарды жаңарту арқылы жүрек қан тамырлары дертіне шалдыққан науқастардың өмірін сақтап қалуға және таяудағы үш жылда онкологиялық ауруларды емдеу шығынын аса көп мөлшерде қысқартуға ықпал ете аламыз», - дейді. Олар осы бағытта бүгінгі көрме аясында компьютерлік томографтарды, магниттік-резонанстық түсіру құралдарын, рентген қондырғыларын және ядролық медицина аппараттарын таныстырды.
Соңғы жаңалықтар