Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалары оң нәтижесін көрсетті - Е. Байжүнісов

«Соңғы жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алып, соның оң нәтижелерін қазірден-ақ көріп отырмыз. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы, Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы бұл саланың технологиялық жабдықталуына елеулі үлес қосты. Осы бағдарламалар қатерлі ісікке шалдыққан емделушілерді емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізуге мүмкіндік берді», - деді Е. Байжүнісов.
Оның сөзінше, бүгінде ең маңызды мақсаттардың бірі - ол жоғары білікті мамандарды даярлау мен тиімді кадр саясатын жүргізу. Бұл саясатты жүзеге асыру барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі отандық онкологияның жетекші мамандарына, медициналық ғылымның дамуының инновациялық тәсілдерін әзірлейтін ғылыми және медициналық ұйымдарға арқа сүйейді.
Атап айтқанда, конференцияда онкологияның барлық салалары тақыланады, яғни нейрохирургиядан иммунологияға дейін, оған қоса радиациялық медицина, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, заманауи хирургия мәселелері, қатерлі ісікке қарсы жаңа препараттар және басқа да көптеген мәселелер қаралады.