«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» жеке тұлғалар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесін белгіледі

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жеке тұлғалардың қайта тартылатын депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін белгіледі.
None
None
Бұл жайлы ҚР Ұлтттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның Консультативтік кеңесі мен Директорлар кеңесінің ақпанның 3-індегі шешіміне сәйкес ақпанның 16-сынан бастап жеке тұлғалардың қайта тартылатын депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі белгіленді. Теңгедегі салымдар бойынша сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі 13,5 пайызды құрайды. Ал шетел валютасындағы салымдар бойынша сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі 8 пайыз болады. Сыйақының белгіленген мөлшерлемелері тоқсан сайын қарау құқығымен, кез-келген қатысушы банктің немесе Қордың Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша депозит нарығы конъюктурасы күрт өзгерген жағдайда 2009 жылдың соңына дейін енгізіледі.
Соңғы жаңалықтар