Қазақстанның дінаралық татулықты қамтамасыз етудегі тәжірибесі көптеген Батыс және Шығыс елдерінде зерттелуде
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ІХ отырысында сөйлеген Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның ұсынысымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезіне қатысушылардың үндеуі БҰҰ-да Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаттары ретінде таратылды. Бұл - үлкен жетістік. Біздің еліміз бүкіл әлем жұртшылығына саяси жүйесі орнықты, қоғамдық келісім мен тұрақтылық берік орнаған әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, конфессиялардың еркін де бейбіт өмір сүруіне барлық жағдай жасаған мемлекет ретінде танылды. Осы игі іске еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институты Қазақстан халқының Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді», деді Қ. Тоқаев.