Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістерге қатысты құжат мақұлданды
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған депутат Сансызбай Есіловтің сөзіне қарағанда, заң жобасы ұлттық кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі келісімдеріне сәйкес келтіру мақсатында және Қазақстанның осы ұйымға кіру жөніндегі келіссөздер кезінде ұсынған ескертулерді жою мақсатында әзірленген. Заң жобасы бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.