Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болу келіссөздері қиын жүріп жатыр - Ж. Айтжанова

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына мүше болу келіссөздері жалғасуда. Шыны керек, ол келіссөздер қиын жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Бүгінде біз ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың көлемі жағынан бір шешімге келе алмай жатырмыз. Сондай-ақ қазақстандық қамту бойынша біраз қиындықтар бар. Шынымды айтсам, дәл қазір келіссөздердің аяқталатын уақытын дөп басып, айту қиын. Дегенмен, ол келіссөздер ұзаққа созылмайды деп ойлаймын», - дейді Ж.Айтжанова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум