Қазақстанның ДСҰ-на кіруі мәселесін ҚР Үкімет басшысы Еуропалық комиссармен талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сауда мәселелері бойынша Еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығын дамытуды талқылады.
Сондай-ақ, К.Мәсімов пен С.Мальстром Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруінің өзекті мәселелерін қарады. Кәрім Мәсімов Қазақстан елдің ұзақ мерзімді ұлттық экономикалық мүдделеріне жауап беретін жағдайларда ДСҰ-на кіру үдерісін аяқтау бойынша жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Бұдан өзге, тараптар ДСҰ-на кіру Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды деген ортақ пікірге келді.