11:17, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ - А.Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның дүкен сөрелерінде импортталған шетел еттері жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада қазақтың ақбас сиыры иелері палатасының отырысында ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Біздің ішкі нарығымыз етке толып болды. Кейбіреулер «неге біз етті шетелден тасимыз» деп айтып жатады. Сөрелерде шетел еті жоқ - соны түсіну керек. Егер импортталса, тек технологиялық мақсаттарға ғана: консерві, шұжық және тағы басқа үшін», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда етке деген қажеттілік толықтай қамтамасыз етілуде, ал қалғаны шет мемлекеттерге экспортталуда. «Үміт» компаниясы Мәскеуге 1 мың тонна ет жеткізу жөнінде келісім жасады. Рубльдің бағамы құлағанымен, біздің еттерге сұраныс бар. Валюта бағамы орныққаннан соң, экспорт көлемі де арта түседі», - деп түйді сөзін А.Мамытбеков.