Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21296 млн долларды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 21296 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21296 млн долларды құрады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,7% көп. Соның ішінде экспорт – 6317,2 млн АҚШ долларын (4,5% артты), импорт 14978,8 млн АҚШ долларын (6,3% артты) құрады

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінің 92,4% - Ресей Федерациясына, 4% - Қырғызстан Республикасына, 3,6% - Беларусь Республикасына, 0,1% Армения Республикасына тиесілі.