Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 0,4% өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдын ала деректер бойынша, 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағы мемлекеттерімен сауда айналымы 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4% өсіп, 2 млрд 797,3 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 0,4% өсті

Атап айтқанда, есепті кезеңде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне шығарған экспортының көлемі ақшаға шаққанда 850,3 млн доллар (былтырғы қаңтар-ақпан айларына қарағанда 5,8% аз), импорт көлемі - 1 млрд 947 млн доллар (+3,4%) болды.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен жасаған сыртқы сауда айналымының 92,9%-ы Ресей Федерациясының үлесіне тура келеді. Қырғыз Республикасымен жасалған сауда айналымы жалпы көрсеткіштің - 4,1%-ын құрайды, тағы 2,9% Беларусь Республикасына, 0,1%-ы Армения Республикасына тура келеді.

Автор: Асхат Ахметбеков