Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі 30 пайызға артты. 

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде

Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 30,0 пайызға артты. Оның ішінде   экспорт - 3 718,0 млн АҚШ доллары (33,9  пайызға өсті), импорт - 8 655,7 млн АҚШ доллары (28,4 пайызға өсті) болды», делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда  айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі 92,0, Қырғызстан Республикасы - 4,4, Беларусь Республикасы - 3,6 пайызға тең.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты