19:38, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанның екі азаматы ҚХР-да есірткі контрабандасы үшін ұсталды
БЕЙЖІҢ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қытай мен Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасының жолы кесілді.

Бұл туралы «Синьцзян душибао» газеті жазды.
ҚХР қоғамдық қауіпсіздік органдарымен жүргізілген жедел шара нәтижесінде, ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінің «Зимунай» кеден қосынында есірткі алып өтпек болған кезінде Қазақстанның екі азаматы және Қытай азаматы ұсталды.
Қытайлық полициядан алынған ақпаратқа зер салсақ, ұсталған үш ер адам қылмыстық байланысқа түсіп, алдын ала келісіп, қытай-қазақстан шекарасы арқылы есірткі тасымалдауды жоспарлаған. Олардан 5 келіден артық есірткі табылды.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, есірткі Үрімші қаласында сатып алынған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, олардың қамауда болу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылды.