Қазақстанның екі қаласында ауа ластануы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 7 шілде күнгі Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның екі қаласында ауа ластануы ықтимал

Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні Атырау және Шымкент қалаларында ауа ластануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.