Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 29 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның екі  қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазгидрометтің мәліметінше, cейсенбі күні еліміздің екі қаласында – Шымкент пен Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.