Қазақстанның екі облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Қостанай облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26-сы күні күндіз, 27 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында жауын-шашынды. 26 қарашада жылдамдығы 15-20 м/с жететін оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, таңертең және күндіз оның екпіні 25 м/с-ке жетеді. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазгидромет дерегі бойынша, 26 қараша таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 18 м/с болуы ықтимал.