Қазақстанның екі облысында су тасқынына байланысты жолдар жабылды
«Қазақавтожол» РМК хабарлағандай, 4 мамыр күні Қостанай облысында су тасқыны ахуалына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының (715+500м шақырымын су басты) 686-729 шақырым аралығында, Сарыкөл кентінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін көлік қозғалысы шектелді.
СҚО-да «Челябинск-Новосибирск» автожолының 525-530 шақырым аралығы, Мамлютский айналмасынан 20-шағынаудандағы айналмаға дейінгі учаскеде (527, 528, 529 шақырымын су басты) барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
Сонымен қатар, «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 835 шақырымын (Ақан-Бүрлік өзеніндегі көпірді су жырып кетті, көпірдің ұзындығы - 70 м) су жырып кетті. Бұл аумақта көлік қозғалысына шектеу қойылмады.
«Қазақавтожол» РМК облыстық бөлімшелерінің жұмысшылары су басқан учаскелерде жұмыс істеп, ескерту белгілерін қойды және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.