Қазақстанның екі облысында жаңбыр және бұрқасын салдарынан жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы және Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.
«Алматы облысында 10 қаңтарда сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолы учаскесінде (83-184-ші шақырымдар) автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасында.
Сондай-ақ Қарағанды облысында кеште сағат 21:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жаңбыр) «Қызылорда-Павлодар» авожолының учаскесінде (433-749-шы шақырымдар, Жезқазған қаласы - Атасу кенті) автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.