Қазақстанның екі облысында жолдар жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуы Қазақстанның екі облысында жолдың жабылуына себепші болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің бапасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның екі облысында жолдар жабық

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында бүгін сағат 19-30-дар шамасында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінісі шектеулі) «Күршім-Қалжыр» (117-131 км) автожолы барлық көлік түрлері үшін жабылды. «Алматы-Өскемен» жолы (973-1073 км. Калбатау ауылы-Өскемен қаласы) қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды.

Павлодар облысында сағат 22-00-ден бастап, ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ) «Омбы-Майқапшағай» (399-191 км) бағытында Павлодарлық станциясынан РФ шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін жол жоқ.