Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды және Жамбыл облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазавтожол».
Ауа райының қолайсыздығына (қар, жаңбыр, көктайғақ) байланысты Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1854-2005 км аралығындағы (Балқаш - Жамбыл облысының шекарасы) учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2006-2152 км аралығындағы (Қарағанды облысының шекарасы - Бурылбайтал ауылы) бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды.