Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды

Қостанай облысында 10 наурыз сағат 22:00-ден бастап ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолды көрінбеуі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 686-729 шақырымында, Сарыкөл ауылы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында 10 наурыз сағат 22:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 729-768 шақырымында, Қостанай облысының шекарасы мен Тоқсан би ауылының арасы барлық көлік түрлері үшін жабық.