Қазақстанның екі жас теннисшісі әлемдегі үздік 100 ойыншы қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты. Ал, Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-орынға көтерілді.
Айта кетсек, Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.