Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің сыртқы қарыздары наурыз айының соңында 25,2 млрд. долларды құрады

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің сыртқы қарыздары наурыз айының соңында 25,2 млрд. долларды құрады.

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің сыртқы қарыздары наурыз айының соңында 25,2 млрд. долларды құрады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Әкішев мәлім еті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы банктік сектордың сыртқы міндеттемелері 8,6 млрд. долларға қысқарып, 2010 жылғы қаңтардың 1-дегі жағдай бойынша 30 млрд. долларды құрады. Алдын-ала деректерге қарағанда, наурыздың соңында олардың сыртқы қарыздары 25,2 млрд. долларды құрады», деді отырыста Д. Әкішев.