12:47, 08 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы турнирде жартылай финалға шықты
АСТАНА. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші ракеткасы – Михаил Кукушкин Италиядағы «INTERNAZIONALI DI TENNIS DI BERGAMO» Челленджер сериясындағы турнирде жартылай финалға шықты.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа республика Теннис федерациясы хабарлады.Біздің отандасымыз жетінші нөмірлі Даниель Брэндсты (Кәсіпқой теннисшілер рейтингінде (АТР) 145-ші орын) 5:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, турнирлік кестеден ығыстырып шығарды. Біздің спортшы шиеленісті жағдайда өткен турнирдің үшінші айналымында уайлд кард иегері Марко Кругнолдті (итальяндық, Кәсіпқой теннисшілер рейтингінде (АТР) 223-ші орын) 6:2, 7:6(3) есебімен ұтты.Осылайша, Михаил Кукушкин жартылай финалда Чехия өкілі Лукас Росолмен (Кәсіпқой теннисшілер рейтингінде (АТР) 158-ші орын) кездеседі.