Қазақстанның экологиялық ұйымдары елімізде АЭС құрылысы жобаларына мораторий енгізуге шақыруда

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Фукусима апатынан кейінгі жыл: Қазақстан үшін қазіргі қауіптер және болашақ энергиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Әлеуметтік-экологиялық қорының басшысы Қайша Атаханова айтты.
«Экологиялық тәуекелдерді бағалай отырып, Каспий теңізінің солтүстік акваториясының сейсмикалығы мұнай өндіруге байланысты өсе түсетіндігін ескеру қажет әрі қазірдің өзінде сарапшылар жер сілкінісі қуатын 7-9 балл деңгейінде бағалап отыр. Бұған қоса Каспий тұйық су қоймасы. Сондықтан да судың сәл ғана радиоактивті залалдануы трансшекаралық су бассейінде халықаралық апатқа бастайды», - деді ол.
Мәселен, оның атап өтуінше, Жапонияның үкіметтік комиссиясы сарапшыларының алдын ала мәліметтері бойынша Фукусима-1-дегі 6 реактордың 4-еуін бөлшектеуге 12 млрд. доллар қаржы қажет әрі оған 30 жыл уақыт кетеді.
«Біз өз ұстанымымыздың дұрыстығына нық сенімдіміз және атом энергиясын пайдаланудың мақсаттылығы мәселесіне қатысты стратегиялық құжаттарды Қазақстан Үкіметінің қайта қарауын үндейміз әрі Қазақстанда АЭС құрылысы жобаларына мораторий енгізуге шақырамыз», - деді Қ.Атаханова.