Қазақстанның экономикалық өсімі 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады - ТМД елдеріне мониторинг

АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкінің Талдау басқармасы ТМД елдеріне жасалған кезекті макромониторингіні жариялады.

Қазақстанның экономикалық өсімі 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады - ТМД елдеріне мониторинг

Алғашқы тоқсанда ТМД экономикасының өсімі 4,65 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Халықаралық қаржы институтының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз айларында әлемдік экономиканың өсімі 0,1 пайызды құраған болатын.

ЕДБ сарапшыларының бағалауынша, экономиканың өсімі Ресейде 4,1-ден 4,9 пайызға ұлғайса, Украна, Беларусь, Өзбекстан елдерінде 6,9-дан 3 пайызға дейін баяулады. Ал Қырғызстанда минус 6,8 пайызға дейін күрт құлдырады. Қазақстанда ол 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады. Талдаушылардың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі таяудағы екі  жылда 6-6,5 пайыз көлемінде болады деп болжауда. Ішкі сұраныс оның негізгі қозғаушы күші болмақ.