Қазақстанның экономикалық үлгісі өзгеріске енуі керек - К. Сағадиев

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстанның экономикалық үлгісі өзгеріске енуі керек. Бүгін ҚР Парламентінің депутаты, ҰҒА академигі Кенжеғали Сағадиевтың «Дағдарыс өтер де кетер, ал болашақты бүгіннен ойлау парыз» атты баспасөз бетінде жарық көрген мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиыны барысында сөз сөйлеген автор осылай мәлім етті,

Қазақстанның экономикалық үлгісі өзгеріске енуі керек - К. Сағадиев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақаладағы әңгіме экономика саласына қатысты республикада орын алып отырған өзекті мәселелер жайында болып отыр. Жалпы, қазіргі жағдайларға байланысты Қазақстанның экономикалық үлгісі өзгеріске енуі қажет. Ал ондай өзгерістер жоғары деңгейлі мамандардың қатысуымен талқылануы шарт. Сонымен бірге, кейінгі кездері айтылып жүрген жоспарлау мәселелері де біздің экономикадағы өзгерістерге бет бұрғанымыз деп ойлаймын, бірақ бұл тиянақты анықталмаған мәселе», деді К. Сағадиев.

Оның айтуынша, Қазақстан дағдарысты оп-оңай еңсере алған жоқ, қазірдің өзінде айтарлықтай зардаптары да баршылық. «Банк секторындағы, шағын және орта бизнес саласындағы шығындар, бүгінгі күні елімізге қажетті параметрлерге көтерілуге кері әсерін тигізді. Қор нарығындағы жоғалтқанымыз да қомақты. Сондықтан да, біз дағдарыс барысында бастан өткерген қиыншылықты дұрыс бағаламасақ, соған сәйкес салмақты шараларды да қабылдай алмаймыз», деді К. Сағадиев.