Қазақстанның экспортталатын тауарлар атауын 300-ге дейін еселеуге әлеуеті бар - Е. Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның экспортталатын тауарлар атауын 300-ге дейін еселеуге әлеуеті бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президентіне елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен таныстырған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Қазақстанның экспортталатын тауарлар атауын 300-ге дейін еселеуге әлеуеті бар - Е. Досаев

«Дүниежүзілік банк және Азия даму банкі сынды халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, басымдық тек салаларды әртараптандыруға ғана емес, сонымен бірге экспорт барысында сауда әріптестерді және тауарлар мен қызметтер номенклатурасын әртараптандыруға беріледі» - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, АДБ сарапшыларының бағалауына сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан басқа елдермен басымдығын салыстыра қарағанда, небәрі 127 ұстаным бойынша ғана тауарлар экспорттайды.

«Табыс деңгейі Қазақстанмен балама Малайзия мен Тайланд сынды елдер шамамен 800 тауар ұстанымын экспорттайды. Қазақстанның экспортталатын тауарлар атауын 300-ге дейін еселеуге әлеуеті бар», - деді Е.Досаев.