15:27, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстанның экспорттық өнімдері мен экспорттаушылары тізілімінің анықтамалығы әзірленді ? «KAZNEX» корпорациясы
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі «KAZNEX» (www.kaznex.kz) корпорациясы жыл сайынғы Экспорттық өнімдердің анықтамалығын және Қазақстан экспорттаушылары тізілімінің тұңғыш қазақстандық электрондық нұсқасын әзірледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазақстанның 2008 жылғы экспорттық өнімдері» анықтамалығы корпорация сайтында қолжетімді. Оған өнеркәсіптің 15 саласы және экспорттық өнімдердің 500-ден астам атауы бойынша өнімдердің тізбесі бар 238 қазақстандық компания жөнінде ақпарат енген.