Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуы еліміздің өнеркәсіп саласының даму деңгейінің 2011 жылы 3,6 пайызға өсуіне ықпал етеді

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуы еліміздің өнеркәсіп саласының даму деңгейінің 2011 жылы 3,6 пайызға, 2012-2013 жылдары 3,9 пайызға өсуіне ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты.

Қазақстанның  экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуы еліміздің өнеркәсіп саласының даму деңгейінің 2011 жылы 3,6 пайызға өсуіне ықпал етеді

«Индустриялдық-инновациялық бағдарламаның шеңберінде индустриялдық жобалардың іске асырылуы және Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуы еліміздің өнеркәсіп саласының даму деңгейінің 2011 жылы 3,6 пайызға, 2012-2013 жылдары 3,9 пайызға өсуіне ықпал етеді», деді министр.

Ж. Айтжанованың айтуына қарағанда, сонымен қатар өнеркәсіпті өңдеу саласының өсуі қарқыны 2011 жылы 3,4 пайыздан, 2015 жылға қарай 7 пайыздың шамасына артуы азық-түлік өнімдерінің, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің, металлургия өнімдерінің өндірілуінің көбеюі есебінен қамтамасыз етіледі.

«Бұл салаларда өндірілген тауарлардың өсуіне Кедендік одақтың шеңберінде ішкі нарықтың кеңеюі де ықпал етеді», деді Ж. Айтжанова.