Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында елдің азаматтық секторын дамыту мәселесі айрықша өзекті - Мәдениет және ақпарат вице-министрі

АНА.  Тамыздың  11-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ -    IV  Азаматтық форумға  дайындық  жөніндегі қоғамдық  кеңестің  бүгін  Астанада  өткен    мәжілісінде Мәдениет  және  ақпарат  вице-министрі  Ғазиз Телебаев  аталмыш  форумның күн тәртібіне қойылатын   мәселелерге қатысты   министрліктің  ұстанымын     таныстырды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында   елдің азаматтық секторын дамыту  мәселесі айрықша өзекті -   Мәдениет және ақпарат  вице-министрі

Вице-министр  атап  көрсеткендей,    IV форумда     егжей-тегжей  қаралуды  және   тиімді  шешуді  талап  ететін  азаматтық  сектордың   бүгінгі ең  өзекті проблемалары  үкіметтік  емес ұйымдардың   жұмыстарын  қаржыландырудың  қағидаларын анықтау  және    қолданыстағы  заңнамалардағы   қайшылықтарды    реттеу  болып табылады.   Ғ.Телебаевтың пікірінше,  «IV  Азаматтық форумда  әлеуметтік  қызметтерге конкурсты      қандай  құқықтық    негізде      өткізу керек -   Мемлекеттік сатып  алулар  туралы заңның  негізінде ме немесе   Мемлекеттік   әлеуметтік  тапсырыс  туралы  заңның  негізінде ме -   осы мәселені  анықтау керек».

Вице-министр   сондай-ақ,  Қазақстанның алдағы    Еуропадағы  қауіпсіздік  пен ынтымақтастық ұйымына  төрағалығы   қарсаңында    елдің азаматтық  секторын  дамыту  мәселелерін де  қарастыру керек екенін  атап көрсетті.