Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы арқылы билік пен қоғам арасында үлкен келісім болды - Д. Нұр-Ахмет

әуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы арқылы билік пен қоғам арасында үлкен келісім болды. Бұл туралы елордада Қазақстанның Ел бірлігі доктринасының қорытынды нұсқасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында комиссия хатшысы Дос Нұр-Ахмет мәлім етті,

Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы арқылы билік пен қоғам арасында үлкен келісім болды - Д. Нұр-Ахмет

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Доктринаны әзірлеу барысында бүгінгі күні қолданыста бар барлық осындай доктриналарды зерделеп шықтық. АҚШ-тың өзінде осыған дейін 40-тан астам доктрина жазылған екен. Бұдан бөлек, әлемде орыс доктринасы, панисламизм, пантүркизм доктриналары да болған. Доктриналық сипатта фашистік құжаттар да қабылданған. Ал Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын әзірлеу барысында біз де құжаттың өз деңгейіне сәйкес болуын тіледік», деді Д. Нұр-Ахмет. Оның айтуынша, құжатпен жұмыс барысында доктринаның ұлттық бірлікке негізделуі тиістігіне де баса назар аударылған.

«Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы арқылы билік пен қоғам арасында үлкен келісім болды. Сол келісімнен туған құжат дүниеге келіп отыр», деді Д. Нұр-Ахмет.