Қазақстанның электрондық үкімет порталында жылдың басынан бастап 800 000 аса пайдаланушылар тіркелді
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - 835 000 пайдаланушылар ағымдағы жылдың өткен 9 айында Қазақстанның электрондық үкімет порталында тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3,5 есеге артық - 2012 жыл бойы 234 863 тіркелді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникция министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Е-үкімет порталына жалпы кірушілердің саны айтарлықтай өсті (тіркелмеген пайдаланушыларды қосқанда). Өткен 9 ай ішінде порталға жалпы 2012 жылға қарағанда 2 рет жиі кірген. Бұл ретте кірушілердің басым көпшілігі - Алматы, Астана және Қарағанды облыстары. Кірудің көбіне жоғары деңгейі қыркүйекте белгіленді - 917 000 кірулер.
Порталдың көптеген кірушілері (58%) - 25-тен бастап 34-ке дейінгі жастағылар, тағыда төрттігі - 35-тен 44-ке дейін екендігін атап өтеміз. Ең белсенділері - ерлер (кірушілердің санынан 58% дерлігі).
Кірулердің ең жоғарғысы, орташа алғанда, күніне 11 сағаттардан келеді. Қазақстандықтардың көпшілігі «Жылжымайтын мүлік», «Отбасы», «Көлік және коммуникация» тарауларына кіреді.
Ең көп оқылатын мақалалар: «Қазақстан Республикасында 2013 жылғы мереке және демалыс күндері», «Декреттік демалыс», «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)», «Баланың тууы» және «Барлығы алименттер туралы».
Е-үкіметтің төлем сервсисіне қызығушылық өсті. Бүгінгі күні онлайн-төлемнің сомасы 770 аса млн. теңгені құрады (2012 жыл бойы - 140 млн. теңге). Транзакциялар 273 581 рет жүргізілді (21 691 рет - 2012 жылы). Бір қызығы, порталдағы төлеушілердің 94% - ерлер.
Пайдаланушылар көбіне мемлекеттік баж салығын төлейді (жылжымайтын мүлік құқықты тіркеуге және олармен мәмілелер, некені тіркеуге және жеке куәліктің құжаттарын беру үшін), олардың үлесіне барлық транзакциялардың 78% тиесілі. Танымалдығы бойынша келесі - жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және салықтық төлемдер.
Еgov.kz арқылы е-форматтағы қызметтердің көптеген санын Әділет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі ұсынады. Е-үкімет порталы арқылы электрондық қызметтерді әзірше көрсетпейтін мемлекеттік органдардың санына - Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Дін істері агенттігі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жатады.
Ал тізімі «Аса көбірек сұрау салынатын 10 электрондық қызметтер» төмендегідей:
1. Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын алу;
2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды алу;
3. Мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдау үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және кезектің нөмірін тексеру;
4. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу;
5. Жылжымалы мүліктің бар екендігі (жоқ екендігі) туралы анықтаманы алу;
6. Соттылығының бар екендігі (жоқ екендігі) туралы анықтаманы алу;
7. Облыстық, қалалық және аудандық мұрағаттардан мұрағаттық анықтамаларды алу;
8. Жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама алу;
9. Тіркелген заңды тұлға, филиал немес өкілеттілігі туралы анықтама алу;
10. Жұмыссыз азаматтармен анықтамаларды алу.
2013 жылғы тоғыз айдың ішінде е-үкімет инфрақұрылымы арқылы 28 миллион әр түрлі е-қызметтер көрсетілген. 1 583 559 электрондық цифрлық қолтаңбалар (ЭЦҚ) берілді, олардың 616226-ы жеке куәліктердің чиптеріне жазылды.
ЭЦҚ республиканың ХҚКО-тарында беріледі, сонымен қатар онда қазақстандықтар өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алатын болады. Бұл учаскелерде кеңесшілер жұмыс жасайды. Олар азамат мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде кеңес беру арқылы көмектеседі.