Қазақстанның «электрондық үкіметін» дамытуды көздейтін заң жобасы екінші оқылымда депутаттардың талқысына салынады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кету керек, осы заң жобасы ағымдағы жылғы сәуірдің 21-і күні бірінші оқылымда мақұлданды.
Бұл заң жобасының мақсаты - ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін құқықтық нормаларды белгілеу жолымен «электрондық үкімет» жүйесін дамыту. Сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерінде мемлекеттік басқару сапасы мен тиімділігін арттыру және олардың ашықтығын қамтамасыз етуді көзейді.
Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік тілдегі ақпараттың көлемін айқындау, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді интерфейспен (ақпараттық жүйені бейнелеумен) мемлекеттік тілде енгізу мәселелеріне қатысты нормаларды жақсарту және нақтылау жөнінде ұсыныстар келіп түскен.