Қазақстанның елеулі бөлігі антициклонның ықпалында болады - синоптиктер

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның елеулі бөлігі антициклонның ықпалында болады,
None
None

деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Республиканың солтүстігі мен шығысы арқылы циклон өтеді, осы аудандарда кейбір жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Павлодар облысында, кейбір жерлерде Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-22 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде шаңды боран тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында желдің қуаты секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум