11:20, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Қазақстанның ең кедей өңірі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша, Қазақстан Республикасындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2013 жылы 2,9% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
2014 жылғы наурыздағы жағдай бойынша, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 223,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 75,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,6%-ға төмен. «Кедейліктің аймақтық бөлінісін қарастыра отырып, 2013 жылы кедейліктің жоғары мәндері Оңтүстік Қазақстан (5,9%), Солтүстік Қазақстан (4,8%), Ақмола (3,9%), Батыс Қазақстан (3,7%) және Қызылорда облыстарында (3,6%) тіркелген», - деп атап өтілген хабарламада.