Қазақстанның ең мықты ауыр атлетшілері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер және ерлер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы және чемпионаты өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстанның ең мықты ауыр атлетшілері анықталды

Бес күнге созылған жарыста Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, барлығы 150 зілтемірші мықтыны анықтады.

 Жылдағы дәстүр бойынша, 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған  спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок берілді. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды.
1  

Жарыс  қорытындысы бойынша, Алматы облысының ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысының командасы  екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы мінбердің үшінші сатысына шықты.

Ал әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары жеңімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан  облысының командалары иеленді.
2   

Сондай-ақ, жерлестеріміз Рүстем Сыбай мен Әсем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.   

 Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:

48 келі әйелдер:

1. Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80)
2. Гүлнұр Ыбырай (Алматы) - 126 (57+69)
3. Наталья Бедрик (Алматы) - 125 (57+68)

53 келі әйелдер:
1. Әсел Амангелді (Алматы) - 175 (78+97)
2. Александра Лачкова (Алматы) - 163 (76+87)
3. Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62+80)

58 келі әйелдер:

1. Сәуле Сәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110)
2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 183 (83+100)
3. Мадина Астамирова (ШҚО) - 180 (82+98)

63 келі әйелдер:
1. Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110)
2. Екатерина Долгих (ШҚО) - 165 (70+95)
3. Елизавета Белоусова (ШҚО) - 160 (70+90)

69 келі әйелдер:  

1. Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120)
2. Анжела Чалкарова (Алматы) - 193 (85+108)
3. Екатерина Быкова (ШҚО) - 178 (78+100)

75 келі әйелдер:
1. Раушан Мешітханоа (Алматы қ.) -212 (102+110)
2. Диляра Пржанова (Қызылорда) - 152 (67+85)
3. Анеля Сумбембаева (ШҚО) - 146 (65+81)

90 келі әйелдер:

1. Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100)
2.Нұрай Касеналы (Алматы қ.) - 143 (65+78)
3. Индира Кеңесбекова (Қызылорда) - 137 (58+79)

+90 келі әйелдер:

1. Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135)
2.Айзада Мүптілда (Алматы қ.) - 236 (101+135)
3. Данагүл Исапа (Алматы қ.) - 195 (85+110)

56 келі ерлер:  
1. Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115)
2. Аян Байзаков (Қостанай) - 202 (87+115)
3. Рахат Бисембаев (ШҚО) - 187 (81+106)

62 келі ерлер:  
1. Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150)
2. Әділбек Балхаев (Қызылорда) - 259 (124+135)
3. Ерболат Жоламанов (Қызылорда) - 237 (105+132)

69 келі ерлер:
1. Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160)
2. Александр Ким (Алматы қ.) - 264 (123+141)
3. Айдос Тұрсынбай (Қызылорда) - 260 (120+140)

77 келі ерлер:
1. Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182)
2. Айдар Казов (СҚО) - 325 (140+185)
3. Андрей Снегуров (Қарағанды) - 299 (134+165)

85 келі ерлер:  
1. Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182)
2. Медет Джундубаев (Алматы) - 308 (138+170)
3. Кирилл Староверкин (Қарағанды) - 290 (136+154)

94 келі ерлер:
1. Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185)
2. Аят Әмірбеков (Қызылорда) - 330 (145+185)
3. Дәулет Мырзахметов (Алматы қ.) - 315 (140+175)

105 келі ерлер:
1. Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211)
2. Алихан Шайхиддинов (ОҚО) - 341 (155+186)
3. Ильдар Миннияров (Қостанай) - 330 (145+185)

+105 келі ерлер:
1. Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197)
2. Евгений Колесников (ШҚО) - 285 (125+160)
3. Игорь Полозов (ШҚО) - 263 (113+150)