Қазақстанның ең сұлу спортшы аруы анықталды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Vesti.kz порталының оқырмандары қазақстандық ең сұлу спортшы аруын таңдады.
None
None

Бұл бәсекеде ең көп дауыс жинаған дзюдошы Мариан Урдабаева болды. Оған интернет пайдаланушылардың 33 пайызы дауыс берді.

Айта кетейік, дауыс беруге барлығы он спортшы қыз қатысты, олардың арасында Майя Манеза (ауыр атлетика), Анна Алябьева (көркем гимнастика), Галина Воскобоева (теннис), Зарина Тухтиева (хоккей) және Айнұр Керей (синхронды жүзу) қатысты.

Сондай-ақ бұған дейін Vesti.kz порталы ең сымбатты қазақстандық спротшыны таңдаған болатын. Дауыс берудің нәтижесі бойынша ол атаққа боксшы Данияр Елеусінов ие болды.

Соңғы жаңалықтар