Қазақстанның ең сұлу спортшы аруын таңдау басталды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Vesti.kz спорт порталы өзінің оқырмандарына Қазақстанның ең сұлу спортшы аруын таңдауды ұсынды. Дауысты басылымның редакциясымен таңдалған 10 үміткердің біріне беру керек.
None
None

Мәселен, ондыққа 27 жастағы Майя Манеза кірді. «Зілтемірші Майя Манеза - біздің тізіміміздегі ең атақты спортшы.  Ол әлемнің екі дүркін чемпионы, Лондон олимпиадасының чемпионы, бірнеше рет әлем рекордын орнатқан», - деп жазады басылымда. 

Майя Манеза, 27 лет


Сондай-ақ ондыққа көркем гимнастика бойынша Қазақстанның көшбасшысы - 19 жастағы Анна Алябьева енді. Ол әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысқан. 19 жастағы ару құрлықтағы біріншілік пен Азиада ойындарында жеңімпаз атанды.  

Анна Алябьева, 19 лет


Әлемнің ең мықты теннисшілер тізімінің 100-не кіретін 27 жастағы Галина Воскобоева да еліміздің ең сұлу спортшы аруы «атағына таласпақ». Айта кетейік, спортшы қазіргі уақытта  WTA рейтингінде 83-ші орынды иеленеді. 

Галина Воскобоева, 27 лет


25 жастағы Зарина Тухтиева шайбамен хоккей бойынша Қазақстан әйелдер құрама командасының көшбасшысы. 

Зарина Тухтиева, 25 лет


Сұлу спортшы қыздардың тізімінде 24 жастағы Мариан Урдабаева да бар. Ол дзюдодан Қазақстан құрама командасының мүшесі, 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 

Мариан Урдабаева, 24 года


28 жастағы Айнұр Керей ең танымал қазақстандық мәнерлеп жүзуші. 

Айнур Керей, 28 лет


23 жастағы Анастасия Алишаускайте - «Астана жолбарыстары-ЕҰУ" әйелдер баскетбол клубының және Қазақстан құрама командасының капитаны әрі көшбасшысы. 

Анастасия Алишаускайте, 23 года


21 жастағы Юлия Волошина - талдықорғандық «Жетісу» командасының футболшысы. 

Юлия Волошина, 21 год


23 жастағы Сана Жарлағасова - «Алматы» клубы мен  Қазақстан құрама командасының волейболшысы. 

Сана Джарлагасова, 23 года

Соңғы жаңалықтар