Қазақстанның ең үздік хоккейшісі анықталды

 АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазақстандағы ең үздік хоккейші» конкурсының қорытындысы бойынша Кевин Даллмэн еліміздегі ең үздік хоккейші болып танылды,

Қазақстанның ең үздік хоккейшісі анықталды

        деп  хабарлайды  ҚазАқпарат Қазақстан Шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.

         Биылғы жылы 18-ші рет өткізілген конкурс жеңімпазы спорт журналистері арасында сауалнама жүргізу арқылы анықталған.Кевин Даллмэн Астаналық «Барыс» клубында өнер көрсететін канадалық легионер.Ол конкурс қорытындысы бойынша  62 ұпай жинаған. 2-3 орын «Барыс» клубының ойыншылары   Вадим Краснослободцев пен Алексей Кузнецовақа тиген.

         Аталған конкурс еліміздегі ең үздік спортшыны анықтайтын бірден-бір спорт конкурсы. Бұған дейін конкурс қорытындысы бойынша Игорь Земляной (1992 ж.), Константин Шафранов (1993 ж.), Евгений Корешков (1994, 2003, 2006 ж.ж), Андрей Пчеляков (1995 ж), Андрей Самохвалов (1996 ж.), Владимир Завьялов (1997 ж.), Александр Корешков (1998 ж.), Дмитрий Уппер (1999 ж.), Федор Полищук (2000 ж.), Виталий Трегубов (2001 ж.), Сергей Александров (2002 ж.), Анатолий Филатов (2004 ж.), Виталий Колесник (2005 ж.), Талғат Жайлауов (2007 ж.), Андрей Гаврилин (2008 ж.) сынды спортшылар ең үздік хоккейшілер атанған еді.