Қазақстанның энергия жинақтаудағы әлеуеті тұтынудың жалпы деңгейінің 30 пайызын құрайды

АЛМАТЫ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәулелідиодты қолдану электр энергиясы шығындарын 80 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кеше Алматыда өткен Royal Philips Electronics компаниясының LED-турында айтылды.

Қазақстанның энергия жинақтаудағы әлеуеті тұтынудың жалпы деңгейінің 30 пайызын құрайды

Мамандар болжамына қарағанда 2015 жылы әлемдегі жарықтандырудың 50 пайызы сәулелідиодтары арқылы жүзеге асырылады, Ал 2020 жылдары ол 75 пайыздан асады. Сәулелідиодтар шамға қарағанда энергия аз жұмсайды және одан 30-40 есе ұзақ қызмет көрсетеді. Сонымен қатар онда жарық сәулесін реттеп отыруға да мүмкіндік бар. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауына қарағанда жарықтандыруға әлемде энергия тұтынудың 19 пайызы жұмсалады. Қазіргі заманғы жарықтық технологиялар оны 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қаржыға шаққанда бұл жылына 106 миллиард еуроны құрайды. Ал экологиялық тұрғыдан келгенде жылына ауаға таралатын көмірқышқыл газдарды 555 миллион тоннаға азайтып, 2 терраватт электр энергиясы мен 1,5 миллиард баррель мұнайды үнемдеумен пара-пар.

«Қазақстанның энергиялық тиімді технологияға ауысу есебінде сәулелідиодты жарықтандыру ең перспективалы тақырыптардың бірі. LED-тур кәсіби мамндардың назарын оның мүмкіндіктеріне аударуға шақырады. Болашақта жарықтандырдың үлкен бөлігі сәулелідиодтар арқылы жүзеге асырылады. Ол қазірдің өзінде сәулет, мейманхана бизнесі, бөлшек сауда және тағы басқа да салаларда кеңінен қолданыс тауып жатыр», - дейді компанияның Ресей, Украина, Беларус, Түркия, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі вице-президенті Владимир Габриелян.

«Энергопром» ҚазҒЗИ Президенті Геннадий Андреевтің бағалауынша, Қазақстанның энергия жинақтаудағы потенциалы тұтынудың жалпы деңгейінің 30 пайызын құрайды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2012 жылы 100 ваттық, 2013 жылы - 75 ваттық, 2014 жылы 25 ваттық қызу қуаты бар шамдарды қолдануға шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда онда осы мәселеге байланысты арнайы заң жобасы да әзірленіп жатыр.