Қазақстанның энергиялық жүйесі күзгі-қысқы кезеңге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның энергиялық жүйесі күзгі-қысқы кезеңге дайын. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «КЕГОГ» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.

Қазақстанның энергиялық жүйесі күзгі-қысқы кезеңге дайын

«Біз ағымдағы жылы жоспарланған мерзім ішінде барлық жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Қысқа дайындық төлқұжатын алдық. Бүгінгі таңда біз 2014-2015 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге толығымен дайынбыз», - деді компания басшысы.

Оның атап өтуінше, компания балансында ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын кернеуі 35-1150 кВ-тық электр тарату желісі мен 77 электр стансасы бар.