Қазақстанның ережесіз жекпе-жек шеберлері шетелдік әріптестерімен келісімшарт жасасу үшін Сеулге барады

 АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазанның 30-ы күні  қазақстандық ережесіз жекпе-жек өнерінің шеберлері  шетелдік әріптестерімен келісімшарт жасасу үшін Сеулге аттанбақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Бірнеше күнге созылатын бұл сапар кезінде АҚШ,  Бразилия, Жапония, Корея сияқты елдердің аралас жекпе-жек спорты қауымдастықтарымен   келісімшартқа қол қоямыз. Қазақстанда әзірге ережесіз жекпе-жек спортынан арнайы федерация жоқ.  Спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарға кәсіпқой спорт клубтарының атынан қатысып жүр. Спорттың бұл түрінің дамуы   елімізде кенжелеп келе жатыр. Спортшылар тек Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы  кәсіпқой спорт клубтарында ғана жаттығады", дейді ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назаров. Оның айтуынша, қазір американдық әйгілі өнер саңлағы Стивен Сигал ережесіз жекпе-жектен   өз тұжырымдамасын ашып жатыр. Егер оған қабылдайтын болса,  әлем чемпиондары - ағайынды Ардақ пен Бейбіт Назаровтар АҚШ-тағы бұл жекпе-жек сайыстарына да қатысуға дайын.

Соңғы жаңалықтар